Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол ор қазып, соны тереңдетіп дайындайды,Алайда сол тұзағына өзі кейін құлайды. Жауларым шегініп, кері қарай бұрылады,Алдыңда сүрініп құлап, ойран да болады. Көргендердің бәрі келекелейді,Басын шайқап, балағаттап былай дейді: Арсыздар өз торларына өздері түссе екен,Ал мен содан құтылып кетейін аман-есен. Арамза жалған сөзінен ұсталар,Әділ жан пәледен аман құтылар. Өз аузы ақымақты ажалға бастар,Өз тілі жанына тұзақ құрар. Уа, Моаб халқы, сендер де Исраилді мазақ қылмап па едіңдер? Ол туралы айтқан сайын мысқылдап бас шайқайтындай, Исраил халқы қарақшылардың арасында (ұрлық жасап жатқан жерінде) қолға түсті деп ойлайсыңдар ма?
Выбор основного перевода