Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан — жартастай берік қорғаным,Мені қауіп-қатерден құтқарушым,Құдайым — сенім артқан шың құзым,Қалқандай қорғаушым, мықты құтқарушым,Әрі биік таудағыдай баспанам! Қатты қиналып Жаратқанға сиындым,Жәрдем сұрап Құдайыма жалындым.Киелі орнынан Ол құлақ салды,Жалынышым Оның алдына барды. Өйткені менің басыма күн туғандаОл тасалайды мені тұрағында,Жасырады өз құпия орнында,Аман сақтайды биік тау құзында. Мұңаяды ішімдегі жан дүние.Мен Иордан жағасындағы елде,Хермон, Мизар тауларының жеріндеАңсап ойлайтын боламын Сені. Қатты күйзелемін Құдайды есіме алсам,Рухым әлсірейді, егер де ойға шомсам. Мұндайлар зәулім жартасты не мықты қорғанды паналағандай қауіпсіз болмақ. Оларға жейтін тамақтары беріліп, ішетін сусындары да таусылмас.
Выбор основного перевода