Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Жаратқан Ием, сөзіме құлақ түре гөр,Қасіретті ойларыма көңіл бөле гөр, О, Құдайым, дұғама құлақ сала гөр,Аузымнан шыққан сөздерге көңіл бөле гөр! Уа, Құдай, мінажатыма құлақ түрші,Өтінішімді елемей жүрмеші. Назар аударып, жауап берші маған,Аһ ұрып, абыржып жүрмін қайғыдан, О, Жаратқан, мінажатыма құлақ сала гөр,Жалбарынған дауысыма көңіліңді бөле гөр. Зар жылаған даусыма құлақ салшы,Өйткені мен әлсіредім тым қатты,Қуғындаған дұшпандардан құтқаршы,Менікінен тым басым күш-қуаттары.
Выбор основного перевода