Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондай адамның өзінің түнектен қайтатынына үміті үзілген. Оның көретіні — семсердің жүзінен болатын өлім. Ал өз кеңесінің іске аспағанын көрген Ахитопел есегін ерттеп, өзі тұратын қаладағы үйіне кетіп қалды. Сонда жеткеннен кейін үй ішіне соңғы өсиеттерін табыстап, асылып өлді. Оның мәйіті әкесінің қабіріне қойылды. Сол үшін де Жаратқан Ие Охозияхқа мынаны айтады: Жатқан төсегіңнен енді қайтып тұрмай, өлесің! — дегенді жеткіз!» — Сонда Ілияс жолға шығып, тапсырманы орындады. Өтірік айтқандардың көзін құртып жібересің,Уа, Ием, Сен қанішер, опасыздан жиренесің. Я, Құдайым, Саған сенім артамын.Қалдыра көрме мені масқараға,Әрі жол берме жаудың табасына. Оларды құртпашы, халқым ұмытпасын,Күшпен таратшы, Өзіңе бой ұрсын,Уа, Иеміз, қалқандай Қорғаушымызсың! Жол берме тасқынның ағызып әкетуіне,Терең судың мені жұтып жіберуіне,Ажал шыңырауының жалмап қоюына. Жаратқанды шын қастерлеу ғұмырды ұзартар,Ал зұлымдардың ғұмыры қысқартылар. Ор қазған қаскүнем орына өзі құлар,Өрге домалатқан тасы өзін басар.
Выбор основного перевода