Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қылмыс жасайтын зұлымдармен біргеМаған өлімді бұйыра көрмеші.Басқалармен солар жылы сөйлескенмен,Олардың жүректері арамза әбден. Айналам толы жыртқыш арыстандай,Сол сұмдардың тілдері өткір қылыштай,Тістері де үшкір жебе мен найзадай. Ауыздарынан жамандық бұрқырайды,Тілдері семсердей жарақаттайды,Олар «Кім естір екен?» деп ойлайды. Биіктен құлатуға жаулар жоспарлайды,Сол үшін өтіріктен де бас тартпайды,Ауыздарымен бата бергенсиді,Ал жүректерінде жамандық тілейді. Тілдерін олар семсердей өткірлеген,Көздеп тұр жебедей өткір сөздерімен. Азғын әйелдің тілінен бал тамады,Сөздері майдан да жұмсақ болады. Бірақ оның кесірі ащы жусандай,Соңы өткір болар екі жүзді семсердей. Мылжың өз тілімен семсердей шағар,Дана өз тілімен жанның жарасын сауықтырар. Олардың ауыздарынан шыққан сөздері ажал себетін жебедей, айтқандары өтірік. Жақынымен сөйлескенде татулық жайлы айтады, ал іштей оған қарсы тұзақ құруды ойлап тұрады.
Выбор основного перевода