Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құтқару Сионнан келсе екен Исраилге!Жаратқан өз халқын тұтқыннан азат еткенде,Жақыптың үрім-бұтағы қатты қуанады,Иә, Исраил халқы шат-шадыман болады! Уа, Ием, Сен еліңе рақымды болдың,Жақыптың ұрпағын тұтқыннан қайтардың. Сонымен Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Мен енді Жақыптың үрім-бұтағын жер аударылып кеткен жағынан алып келіп, қолды болған мал-мүлкін қалпына келтіріп, бүкіл Исраил халқына мейірімімді түсіремін. Сөйтіп Өзімнің қасиетті есімімді қайрат-жігермен қорғаймын. Уа, Яһуда елі, Мен саған да орақ маусымы іспетті жазаланатын мезгіліңді белгілеп қойдым!Мен халқым Исраилді тұтқында жүрген жерінен қайтарып әкелгім келеді. «Біліп алыңдар, Мен сол оқиғалар болатын заманда Яһуда елі мен Иерусалимнің тұтқында жүрген халқын қайтарып, игілікке кенелтемін. Осының бәрін Растаушы былай дейді:— Бұл шындық, Мен жуырда келемін! Аумин!— Иеміз Иса, келе гөр!
Выбор основного перевода