Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендерге Өзім қарсы шығамын, сонда жауларыңнан жеңіліп қаласыңдар. Өздеріңді жек көретіндер сендерге билігін жүргізетін болады. Тіпті ешкім арттарыңнан қумаған кезде де үрейленіп қашатын боласыңдар. Ал араларыңнан тірі қалғандарыңды Мен жауларыңның елінде жүрген кездеріңде жүрексіз үргелек етемін. Сонда сендер тіпті жапырақтың сыбдырынан да шошынып қашатын боласыңдар. Ешкім қумаса да, дұшпанның семсерінен бас сауғалағандай қашып, содан сүрініп құлайсыңдар. «Егінші соқа айдап, жер жыртады,Топырақ кесектерін қопарады,Ажал жетіп, солай сүйегіміз шашылады!»(Деп сол зұлымдар уайыммен айтады.) Ешкім қумаса да қылмыскер қуыстанар,Ал әділ жан арыстандай батыл болар. Осылай исраилдіктердің өліктерін олар табынған жалған тәңірлерінің мүсіндерінің алдына қойып, сүйектерін құрбандық үстелдеріңнің айналасына шашып тастаймын. Сондықтан қорқып, күмісіңізді жерге көміп тастаған едім. Мінеки, соныңыз, — дейді.
Выбор основного перевода