Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Көбірек ұнатады мұны ЖаратқанҚұрбандық мүйізді ірі қарадан. Алайда адамдар (екіжүзділік жасайды. Олар Маған арнап) бұқаларды құрбандыққа шалып, (сонымен қатар жалған тәңірлерге арнап) кісілерді де өлтіреді! Алдыма тоқтылары мен астықтан сый-тартуларын алып келушілер мойнын үзген иттерді және шошқаның қанын да ұсынады. Маған арнап хош иісті заттар түтетіп, пайдасыз тәңірлерге де мақтау айтады. Бұл адамдар Менің емес, өз жолдарын таңдап алды. Олар жасаған жексұрын қылықтарынан тіпті рақат табады. Солай болып тұрғанда Сәба елінің хош иісті ладан шайырын әрі шалғай елдің тәтті де жұпар құрағын түтетіп ұсынғандарыңнан Маған не пайда? Шалып, өртеп ұсынған құрбандықтарыңды қабылдамаймын, сый-тартуларыңа да риза болмаймын». Ұсақ және ірі қара малдарын айдап әкеліп, құрбандыққа шалып, Жаратқан Иеге қаншама дұға етсе де, Оны таба алмайды. Себебі Ол солардан алшақтап кетті.
Выбор основного перевода