Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сен Оған сиынып, Ол саған құлақ асады, әрі өзің де Оған берген уәделеріңді орындайсың. «Ей, Жаратқанды терең қастерлейтіндер,Оны әрдайым мадақтай беріңдер!Ей, Жақыптың бүкіл үрім-бұтағы,Жаратқанды ұдайы дәріптеңдер,Иә, Исраилдің бар ұрпақтары,Иемізді құрметтей беріңдер! Сен «Алдыма келіп, сиыныңдар» дедің,Саған шын жүректен жауап беремін:«Уа, Ием, сиынып алдыңа келемін». Қиын кезде айқайлап сиындыңдар Маған,Сонда сендерді азат етіп алдым аман.Күннің күркірінен сендерге құлақ салғам,Меріба сулары маңында сендерді сынағам. Ол Маған сиынғанда құлақ саламын,Азап шеккен кезінде оған жар боламын,Аман-есен сақтап, құрметке бөлеймін. Мүшкіл халдерінде Жаратқанды шақырды,Иеміз оларды қасіреттен құтқарды. Мүшкіл халдерінде Жаратқанды шақырды,Иеміз оларды қасіреттен құтқарды, Мен осы үштен бір бөлікті отқа салып, күмісті балқытып тазалағандай тазартамын, әрі алтынды отта сынағандай сынаймын. Олар Менің атымды атап Маған дұға етеді. Сонда оларға жауап беремін. Мен: «Бұл — Менің халқым», — деп, олар: «Жаратқан Ие — біздің Құдайымыз», — дейтін болады.
Выбор основного перевода