Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өзі елсіз далаға қарай тағы бір күндік жол жүріп, жалғыз тұрған арша бұтасының саясына келіп отырды. Ілияс өмірден түңіліп: «Уа, Жаратқан Ие, осы көргенім де жетер, жанымды ала гөр! Менің ата-бабаларымнан еш артықшылығым жоқ», — деп мінажат етті. Сен жанымды о дүниеге қимайсың,Қасиетті адамыңның тәнін шірітпейсің. Өйткені аяғымды сүрінуден сақтадың,Жанымды ажалдың аранынан құтқардың.Осылай Сен мені Өзіңнің алдыңдаАман жүрсін дедің өмірдің нұрында. Ақыл-кеңесіңмен мені бастайсың,Ақыры салтанатыңа қабылдайсың. Мен оларды о дүниенің билігінен босатып, өлімнен құтқарып аламын ба? (Жоқ, солай істемеймін.) Өлім, қайда улы тісің? О дүние, қайда сенің жеңісің? Мен еш аяушылық көрсетпеймін».
Выбор основного перевода