Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Исраил елінің патшасы кімге қарсы аттанды? Сіз кімді қуып жүрсіз? Бір иттің өлімтігін яки титтей бүргені емес пе? Өтірік айтқандардың көзін құртып жібересің,Уа, Ием, Сен қанішер, опасыздан жиренесің. Уа, Жаратқан, Сен халықтарды соттайсың,Мені ақтай гөр, Ием, әділ де адалмын. Сен Өзің мені тексеріп, ақтай көрші,Ісімнің әділдігіне көз сала көрші. (Дәуіттің жыры.)Төрелік айтып мені ақташы Өзің,Уа, Жаратқан Ием, адал жүріп келемін,Саған сенім артып еш күдіктенбеймін. Бірақ Сен, уа, Әлемнің Иесі, әрқашан әділ шешім шығарасың! Адамның жан дүниесі мен ой-санасында не барын тексеріп анықтайсың. Өзіңе жағдайымды сеніп тапсырдым. Енді оларға лайықты жазаларын тартқызғаныңды маған көрсете көрші!
Выбор основного перевода