Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бізді Өзіңе бағынбаған халықтардың«Құдайы қайда екен бұлардың?»Деген мазағына неге қалдырасың?Олар Сенің қызметшілеріңнің қанын төкті,Әділ жаза тартқандарын бізге көрсетші. Сен халқыңды көз жасымен тойындырдың,Иә, көз жасымен шөлімізді әбден қандырдың, Нан орнына күлмен тамақтанамын,Көз жасымды сусыныма қосамын. «Қайда екен сиынған Құдайы бұлардың?»Деп басқа халықтар неге табаласын? Сонда дұшпандарым да мұны көреді. Мені: «Құдайың Жаратқан Ие енді қайда?» деп табалаған олар масқараға батады. Жаулардың құлдырағанын өз көзіммен көремін, олар көшелерде батпақ сияқты тапталатын болады».
Выбор основного перевода