Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда ғана Жаратқан Ие маған берген мына уәдесін орындайтын болады: «Егер сенің ұрпақтарың ізгі жолыммен жүруге мұқият болып, Менің көз алдымда шын жүректен адал өмір сүрсе, онда әрдайым сенің ұрпақтарыңның біреуі Исраилдің патшалық тағында отыратын болады!» Бірақ Әйүп:— Ақымақ та арсыз әйелдей сөйлеп тұрсың. Құдай жақсылық жіберсе, соны қабылдау, ал ауыртпалық жіберсе, содан бас тарту дұрыс па өзі? — деп жауап қатты. Осы жағдайдың бәрінде Әйүп айтқан сөздерімен күнә жасаған жоқ. Онда жаман сөз ауыздарыңнан шығармаңдар,Өтірік айтудан да әрқашан сақтаныңдар! Уа, Жаратқан Ие, тіліме күзет қоя гөр,Аузымның ашылуын бақылай гөр. Бәріміз де көп қате жібереміз. Ал кім сөзінде қате жібермесе, сол — денесін тұтастай меңгере алатын жетілген адам.
Выбор основного перевода