Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Шимей қарғыс жаудырып былай деді:— Кет, шық елден! Әй, қанішер, жексұрын! Сен Саулдың орнына патша болып алғаннан кейін оның әулетінің қанын төктің. Сол үшін Жаратқан Ие сені жазалап отыр! Патшалықты ұлың Абессаломның қолына Жаратқан Ие алып берді. Сен кісі өлтірген қанішерсің, сондықтан да осы пәле басыңа түсіп отыр! Бірде Ғилақад аймағындағы Тішбенің тұрғыны Ілияс Ахаб патшаға барып, былай деп мәлімдеді: «Өзім қызмет ететін мәңгі тірі Жаратқан Ие — Исраилдің Құдайының алдында шын айтамын: келесі бірнеше жыл бойы мен «Жаңбыр жаусын!» деп айтпайынша, елде не жаңбыр да жаумайтын, не шық та түспейтін болады!» «Бұл жерден шығысқа қарай, Иордан өзенінің арғы жағындағы Хорат сайының маңына барып жасырын. Жанымды алмақ жаулар ұятқа қалсын,Мені құртуға әрекет еткендер жасырынЕнді кері қайтып, әбден масқаралансын! Татулық сөзін олар еш қозғамайды,Елдегі бейбіт жұртқа сұмдық жоспарлайды. Сұмдығының есесін жауыма қайтарады.Ием, адалдығыңа сай оларды талқандашы. Сонда мен тілек тілеп былай дедім:«Кептердің қанаттарын маған берер кім,Бұл жерден ұшып кетіп, тыншыр едім, Жауларым маған қарсы сөз байласуда,Жанымды аңдығандар ақылдасуда: Паңдар маған жасырын тұзақ құрды,Торларының жіптерін кеңінен жайды,Олар жүрген жолыма қақпандар құрды. Кейінірек басшылар Исаға бірнеше парызшылдарды және Иродтың жақтастарын жіберді. Бұлар қитұрқы сұрақ қойып, Исаны өз сөзінен ұстауға тырысты.
Выбор основного перевода