Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы істеген жақсылықтарың Жаратқан Иеден қайтсын! Сен Исраил сиынатын Құдай — Жаратқан Иенің қанаты астынан пана іздеп келдің. Ол сені молынан жарылқасын! — Ұлының аяғын сүйіп бағыныңдар!Әйтпесе Ол кәрленіп, көздеріңді құртпақ,Ашуы лезде жалындай лауламақ.Ал Оған сенгендер бақытты болмақ. Көз қарашығыңдай мені сақтай көрші,«Қанатыңның астында» тасалай көрші. Уа, Ием, қандай мол Сенің ізгілігің:Өзіңді қастерлеп, паналайтындар үшінСоны сақтап, жұрт алдында сыйлайсың. Мейірленіп, Құдай, рақым етші маған,Өйткені үмітімді артамын Саған,Пәле-жала өткенше бас сауғалайын,Қанатыңның аясын паналайын.
Выбор основного перевода