Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондай білім аспаннан да заңғар, ал сенің қолыңнан не келеді? Ол о дүниеден де терең, сол туралы не біле аласың? Әділдігің Сенің заңғар аспандай,Ұлы істерді жасап келесің, о, Құдай,Саған тең келер кім бар еді, уа, Құдай? Сонда Сен теңіз арқылы жол жүрдің,Ұлан-ғайыр су арқылы қадам бастың,Ал көзге көрінбеді іздерің Сенің. О, Ием, қандай керемет Сенің істерің,Түпсіз терең Сенің ой-ниеттерің! Топырақтан мал азығына шөп өсіресің,Адамға ас болуға дақылдар еккізесің, Пенденің жүрегін қуантар шарапты да,Бетті жылтыратар зәйтүн майын да,Денеге күш-қуат берер нанды да. Ал Ниневиде жақсы мен жаманды айыра алмайтын жүз жиырма мыңнан астам халық, сондай-ақ көптеген мал да бар. Ендеше осы үлкен қалаға қалайша Менің жаным ашымайды?! О, неткен бай Құдайдың даналығы,Неткен терең Оның білік-парасаты;Шешімдеріне адам ақылы жетпес,Жолдарын Оның ешкім зерттеп бітпес! Мұса арқылы берілген Таурат заңында: «Астық бастырып жүрген өгіздің аузын бума», — деп жазылған ғой. Құдай бұл жерде өгіздерді ғана ойлап тұр ма,
Выбор основного перевода