Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Жаратқан Ие, қай «тәңір» Саған тең келер еді?Ешкім жоқ Сендей салтанатты да қасиетті,Даңқты ұлылығымен айбынды да қастерлі,Керемет істер жасайтын сондай құдіретті! Егер де Оған құлақ асып мойынсұнса, онда олар өмір бойы игілікке кенеліп, көңілдері рақатқа толатын болады. Құтқарды мені мықты дұшпанымнан,Өзімнен қуатты қас жауларымнан. Семсерін суырып, садағын тартты сұмдар,Жарлыны құлатып, адалды құртпақ олар, Шаттық үнін маған қайтадан естірте гөр,Сен әлсіреткен денемді қуанта гөр, Әділдігің Сенің заңғар аспандай,Ұлы істерді жасап келесің, о, Құдай,Саған тең келер кім бар еді, уа, Құдай? Уа, Ием, ұлттардың табынатын тәңірлеріАрасында жоқ Сендей бірде-біреуі!Сенің жасаған кереметтерің іспеттіЖоқ басқа ешкімнің де ғажайып істері. Көктегі кім Иемізбен теңесе алар,Күштілер арасында кім Жаратқанға ұқсар? Уа, Жаратқан Ие, Саған тең келер ешкім жоқ! Сен ұлысың! Зор құдіретіңе бола Сенің есімің де ұлы!
Выбор основного перевода