Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылай Жаратқан Ие Дәуітті барлық жауларынан және Саулдың қолынан құтқарды. Сол кезде Дәуіт Жаратқан Иеге арнап мына жырды айтты: Қатты қиналып Жаратқанға сиындым,Жәрдем сұрап Құдайыма жалындым.Киелі орнынан Ол құлақ салды,Жалынышым Оның алдына барды. Жаратқанға сиындым, Ол жауап берді маған,Әрі азат етті мені бар қорқынышымнан. Әділдер жалынса, Иеміз құлақ салады,Күллі қиындықтан оларды құтқарып алады. Әділ жан қиындықты көп көреді,Ал Иеміз оны бәрінен азат етеді, Өйткені Жаратқан Ие мұқтажға құлақ түреді,Тұтқын пенделерін Ол менсінбей кетпейді.
Выбор основного перевода