Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол жаңа ән-жырды маған айтқызды,Мадақтаймын әрдайым Құдайымызды.Мұны көрген көпшілік ЖаратқандыҚастерлеп, Оған сенімін артады. Шырқаңдар жаңа ән Жаратқан Иеге,Күллі әлем, ән-жыр айтыңдар Иемізге! Бүкіл жер жүзі, шаттанып айқайлаңдар,Жаратқанға қуана ән-жыр айтыңдар, Иемізге жаңа әнді шырқаңдар,Жер шетінен Оған мақтау айтыңдар!Теңізде жүзіп жүрген теңізшілер,Жағалауларды мекендеген елдер, Нөкерлер мен ақсақалдар жаңа мадақтау жырын айтып былай деді:«Сен лайықсың кітапты қолыңа алуғаЖәне мөрлерін бұзып, оны ашуға!Өйткені құрбан болып, қаныңды төктің,Сол арқылы әр ру, тіл, ұлт пен халықтанШыққандардың төлемін өтеп босаттың,Һәм Құдайға оларды бағыштадың, Әрі әділ — Жаратқанның бұйрықтары,Олар жүрекке қуаныш құяды.Жаратқанның өсиеттері сондай нұрлы,Көздерді ашып, жарқыратады. Күллі келер ұрпаққа адал боласың,Жер бола береді, Сен оны орнаттың.
Выбор основного перевода