Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Одан да қалаға барып, Абессаломға: «Мен сізге қызмет етуге даярмын, уа, патша ағзам. Бұрын әкеңізге қызмет еткен едім, ал енді сізге қызмет етемін!» де. Осылай Ахитопелдің кеңесін шатастырып, маған көмектесесің. Сонда Абессалом мен бүкіл Исраилдің адамдары:— Архилік Хушайдың берген кеңесі Ахитопелдікінен жақсы екен! — десті. Жаратқан Ие Абессаломды күйрету үшін осылайша Ахитопелдің дана кеңесін іске асыртпай кедергі жасауға бұйырған болатын. Осылай дұшпандарымыз өздері құрған жоспарларының бізге белгілі болып қалып, бұларын Құдайдың Өзі бұзғанын естіп білді. Сонымен бәріміз қабырға құрылысына қайта оралып, әрқайсымыз өз ісімізге кірістік. Ол айлакер қулардың жоспарларын бұзып, оларды табысқа жеткізбейді. Кеңесіп жоспар құрып, көп сөз сөйлесеңдер де, бұларың іске аспайды, себебі Құдай бізге жар! Сонда мысырлықтар жүрексініп, түңіліп, Мен олардың жоспарларын шатастырамын. Олар өздері табынған жалған тәңірлері мен аруақтарынан, жынын шақырған бақсылар мен сәуегейлерден ақыл-кеңес сұрайтын болады.
Выбор основного перевода