Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қалаға жан-жағынан атой салыңдар! Сонда ол беріліп, мұнаралары құлап, қамал қабырғалары опырылады. Бұл — Жаратқан Иенің жүзеге асырып жатқан әділ жазасы. Сондықтан Бабылға тиісті жазасын тартқызыңдар! Сол қала басқа халықтарды қалай қырған болса, сендер де оны солай қырыңдар. Бабылға қарсы соғысу үшін садақшыларды көптеп шақырыңдар. Оны айнала қос тігіп, қоршауға алыңдар. Ешкім одан қашып шықпасын. Оған өзінің істегендерінің қарымтасын қайтарыңдар. Өйткені ол Исраилдің киелі Құдайы Жаратқан Иеге қарсы өркөкіректеніп бас көтерді. Себебі Мен періштелерімді ертіп Әкемнің салтанатты ұлылығымен Билеуші ретінде көктен қайтып келген кезімде әркімге істеген істеріне қарай сыйын беремін. Мыс шебері Ескендір маған көп жамандық жасады. Иеміздің Өзі оған істегендеріне лайықтысын қайтарар. «Өзгелерге көрсеткен зорлық-зомбылықтарын өзіне көрсетіңдер, жаман қылықтарына сай екі есе қылып қайтарыңдар! Оның басқаларға арнап араластырған «өз тостағанындағы шарабына» азғындықты екі есе қылып қосып өзіне дайындап беріңдер! Иеміз Иса маған тіл қатып:— Тыңда, Мен жуырда келемін! Әркімге ісіне қарай беретін сыйымды Өзіммен бірге ала келемін.
Выбор основного перевода