Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кездерде Мен Өзімнің сендермен және барлық тіршілік иелерімен жасаған Келісімімді есіме түсіремін: су бұдан былай ешқашан да барлық тіршілік иелерін құртатын топан суға айналмайды. Алайда Құдай Лут тұрып жатқан жазықтағы қалалардың күл-талқанын шығарар кезде Ыбырайымды мейірімділікпен есіне түсіріп, Лутты апаттан аман алып шыққан еді. Шексіз сүйіспеншілігіңе бола,О, Құдай, маған рақым ете гөр,Мейіріміңнің молдығына болаҚылмыстарымды өшіріп тастай гөр. Ал Өзін терең қастерлеген жандарғаЖаратқанның рақымы мәңгі жауады да. Уа, Жаратқан Иеміз, енді көктен,Қасиетті, салтанатты мекеніңнен,Қайтадан бізге назар аудара гөр!Өз қайрат-жігерің мен құдіретің,Зор жанашырлығың мен қайырымыңҚазіргі уақытта қайда екен?Неге рақымыңды аяйсың бізден? қуаныш пен шаттықтың үні, күйеу жігіт пен қалыңдықтың көңілді дауыстары естілмек! «Әлемнің Иесін мадақтаңдар, өйткені Жаратқан Ие ізгі, Оның берік мейірімі мәңгілік!» деп, киелі үйге Өзіммен қарым-қатынастарына ризашылық білдіретін тартуларын алып келе жатқан адамдардың мақтау айтқан дауыстары тағы да естілетін болады. Себебі Мен жер аударылып кеткен халықты қайтадан әкеліп, оның жағдайын бұрынғыдай игілікке кенелтемін! — Жаратқан Ие осыны нық айтады.
Выбор основного перевода