Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ашылмаған құпиялар Құдай Иеміздікі. Ал ашылғандары бізге және ұрпақтарымызға арналған. Сондықтан да біз осы Таурат заңының күллі ережелерін мәңгі бақи жүзеге асыруымыз керек. Сол тұста мен өмірімнің өркен жайған шағында едім, әрі Құдай үйіме бас-көз болып ақыл-кеңес беретін. Азғын жанды Жаратқан Ие жек көреді,Әділ жанға Ол өз еркін ашып білдіреді. Шынында Жаратушы Тәңір Ие Өзіне қызмет ететін пайғамбарларға алдын ала білдірмей ештеңе істемейді. Иса оларға жауап беріп былай деді:— Құдай өз Патшалығы туралы сырларды білуді сендерге бұйырған. Бірақ басқаларға олар астарлы әңгімелер арқылы айтылады. Осылайша олар көріп тұрса да, шынымен көрмесін, естіп тұрса да, бәрібір түсінбесін. Соның еркін орындағысы келген әркім осы ілім Құдайдан ба, әлде Мен өз бетіммен сөйлеп тұрмын ба, соны білетін болады.
Выбор основного перевода