Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Иә, соларды мұқият сақтап орындаңдар! Себебі осылайша басқа халықтар сендердің даналықтарың мен ақыл-парасаттарыңа көз жеткізіп, осы ережелер туралы естігенде қайран қалып: «Ойпыр-ай, осы үлкен халық неткен дана да парасатты ел еді!» — дейтін болады. Дейді Иеміз. — Жазалау — Менің ісім,Тиісті жазаларын тартқызамын Өзім!Кезі келгенде аяқтары таяды,Күйрейтін күндері жақындап қалды,Тағдыры зырғытып қуады оларды». Жебелерімді сонда қанға маламын,Семсерім жалмайды өлетіндердің тәнін,Қаза тапқандар мен тұтқындардың қанынӘрі жау көсемдерінің бастарын». Шаттаныңдар енді, уа, басқа ұлттар,Жаратқан Иенің халқымен қатар,(Бар періштелері де Оған тағзым етсін,)Себебі Ол өз қызметшілерініңҚанын төккенге жазасын тартқызадыЖәне өз халқы мен елін тазартады. Ол Өзінің халқына күш-қуат дарытты,Бар адал жандарға мақтау әнін айтқызды,Исраил ұрпақтарының даңқын асырды,Осы халық Өзімен тығыз байланысты.Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені! Олар сол елде еш қауіпсіз тұрып, үйлерін салып, жүзімдіктерін отырғызбақ. Мен оларды жәбірлеген көрші халықтарға шығарған үкімімді жүзеге асырған кезде исраилдіктер аман-есен тұратын болады. Сонда олар өздерінің Құдайы Жаратқан Иенің Мен екенімді түсінеді. Болашақта Құдай халқының адамзатқа билік айтатынын білмейсіңдер ме? Адамзатқа билік ететін өздерің болған соң, ұсақ-түйек даулы мәселелерді шешуге жарамайсыңдар ма? Біздердің періштелердің үстінен де билік айтатынымызды білмейсіңдер ме? Сонда күнделікті өмір мәселелерін әлбетте шеше алуға тиіссіңдер! Өзімнің жеңімпаз болып, Әкеммен бірге Оның тағында отырғанымдай, Мен жеңіп шыққан әркімді де қасыма, тағымның үстіне отырғызамын.
Выбор основного перевода