Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал қалағандар ақталуымды меніңШаттана дауыстап қуанышқа кенелсін.«Қызметшісіне амандығын сүйсіне сыйлағанЖаратқан Иеміз мадақталсын әрқашан!»Деп дәріптей берсін олар тоқтамастан. Қайта, риза болады Жаратқан ИеӨзін қастерлеп, рақымына үміт еткенге. Бұдан былай ешкім сені «күйеуі тастап кеткен» деп атамайды, жеріңді «ойсырап қалған» деп те айтпайды. Қайта, сені «Қуанышым» және жеріңді «Келіншек» деп атайтын болады. Себебі Жаратқан Ие саған қатты қуанады. Күйеуінің келіншегін қамқорлайтынындай, Жаратушы да сенің жеріңді қамқорлайтын болады.
Выбор основного перевода