Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ жау табаламасын деп жүрдім,Олар: «Жаратқан емес мұны істеген,Өз күшімізбен жеңіп шықтық!» демесін. Ол айлакер қулардың жоспарларын бұзып, оларды табысқа жеткізбейді. Құдай данышпан делінгендерді қулықтарынан ұстап алады. Айлакер зұлымдардың арамза кеңестері тез құриды. Жарлыларды паңдана қудалайды зұлымдар,Өз айлалы істерінен ұсталсын сондайлар! «Жақсы екен бұл, дәл көңілдегідей,Енді оны жеп құртамыз тірідей!»Деп ойлай алмасын сол зұлым жандар. Ал зұлым жан мұны көріп, абыржиды,Тісін қайрап, қалжырап қажиды,Зұлымдардың аңсағаны құриды.
Выбор основного перевода