Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Зұлымды өз аяғы торға түсіріп, өз бетімен жүрген ол орға құлайды. Қақпан оны өкшесінен ұстап, тұзақ оны тұтады. Тұзақ жіп жерде жасырын қойылған, жүретін соқпағында қақпан орнатылған. Шығаршы мені жау құпия құрған тордан,Себебі Сен берік қорғансың маған. Өйткені олар жазықсыз маған тор құрды,Еш айыпсыз маған арнап ор қазды. Зұлым ойларында бір-бірін қолдайды,Құпия тор құруды жоспарлайды,«Мұны кім көрер?» деп өздерін мақтайды. Олардың құрған торынан мені қорғай гөр,Зұлымдардың тұзағынан лайым сақтай гөр, Көмек күтіп оң жағыма қараймын,Мені ойлаған ешкім жоқ деп байқаймын.Жер қалмады енді маған пана болар,Ешкімім жоқ жанымның қамын ойлар. Сен оларға кенеттен басқыншылар жібергенде, үйлерінен зар жылаған дауыстар шықсын! Себебі мені қолға түсіру үшін олар маған ор қазып, жолыма тор құрды.
Выбор основного перевода