Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие ізгі, мақтаңдар Оны,Мәңгі ұласады берік рақымы! Маған қысым жасау Өзіңе жақсы болып көріне ме? Неліктен Өзің жаратқан менен бас тартасың, ал зұлымдардың ісіне жылы жүзбен қарайсың? Сен мені өз қолыңмен түгелдей қалыптастырып жараттың. Ал енді мені біржола құртпақсың ба? Сонда Сен Өзің жаратқан мені қайтадан көргің келген кезіңде шақырып, мен Саған жауап берер едім. Бет-жүзіңді жасыра көрме менен,Ашумен бас тартпа мендей пендеңнен.Қорғап-қолдаушым болып келесің Сен,Жалғыз қалдырып безіп кетпе менен,Уа, Құдайым, Құтқарушымсың Сен. Сиынып тұрамын Алла Тағалаға,Маған игілік жасаушы Құдайға. Жаратқан Ие ізгі, Оны мадақтаңдар,Рақымы Оның мәңгіге ұласады, Өмірлеріңде игі ісін бастаған Құдайдың оны жалғастыра беріп, Мәсіх қайта оралар күнге дейін толықтай аяқтайтынына кәміл сенемін.
Выбор основного перевода