Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сен «Мына киелі үйді өз атыммен атаймын» деп сөз бергендіктен, оған күні-түні қамқор бола гөр. Уа, Ием, алдыңдағы қызметшіңнің бұл жерге қарай Өзіңе бағыштаған мінажатына құлақ аса гөр. Осы пендең және меншікті Исраил халқың бұл жерге қарай Саған сиынып дұға еткен кезде тұрағыңнан өтінішімізге құлақ салып, күнәларымызды кешіре гөр. Ал мен мол рақымыңның арқасындаӨзіңнің киелі үйіңе кіремін,Қасиетті ғибадатханаңның алдындаӨзіңді терең қастерлеп бас иемін. Киелі үйіңе қарай қол көтеріпЖалбарынсам Сенен қолдау тілеп,Менің даусыма құлақ түре көрші. Іште жасырмадым әділ хабарыңды:Сенімділігің мен құтқаруыңды,Рақымың мен ақиқатыңды ӨзіңніңҮлкен жиналыста айтпай кетпедім. Мені мейіріміңнен айырмашы, о, Ием,Рақым мен шындығың мені қорғасын лайым. (Дәуіттің мадақтау жыры.)Уа, Құдайым, Патшасың, даңқыңды асырамын,Атыңды мәңгілік жоғарылатамын. Жаратқан Ие өз әділдігіне сай Таурат заңы мен тәлімін дәріптелуге лайық әрі тамаша етіп шығаруды жөн көрген еді.
Выбор основного перевода