Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұнан кейін Исраил халқы елшілері арқылы аморлықтардың патшасы Сихонға мынадай сәлем жіберді: «Жеріңізден өтуімізге рұқсат етсеңіз екен. Не егістіктеріңізге, не жүзімдіктеріңізге бұрылмаймыз, құдықтарыңыздан су да ішпейміз. Тек Патшаның үлкен жолымен ғана жеріңізден өтіп шығамыз». Бірақ Сихон Исраилге өз жері арқылы жүріп өтуге рұқсат бермей, бүкіл жасағын жинап, Исраилге қарсы елсіз далаға аттанды. Яхас деген жерге жетіп, исраилдіктермен шайқасты. Исраилдіктер Сихонның жасағын семсердің жүзімен қырып-жойып, Арнон өзенінен Ябок өзеніне дейінгі аралықтағы оның жерін иемденіп алды. (Ябоктың арғы жағындағы) аммондықтардың шекарасы бекіністі болғандықтан, олар тек соған дейін барды. Исраил халқы аморлықтардың барлық қалаларын да қолға түсіріп, соларды, әсіресе, Хешебон мен оған қарасты елді мекендеріне қоныстанып алды. Себебі Хешебон аморлықтардың патшасы Сихонның тұрған қаласы болатын. Ол Моабтың бұрынғы патшасына шабуыл жасап, оның Арнонға дейінгі бүкіл жерін тартып алған еді. Бұдан кейін исраилдіктер бұрылып, Башан аймағына баратын жолмен жоғары қарай өрледі. Сонда Башанның патшасы Ог бүкіл жасағын ертіп олармен шайқасуға Едірейге аттанды. Ал Жаратқан Ие Мұсаға: «Одан қорықпа! Себебі Мен оның өзін, бүкіл жасағы мен елін сенің қолыңа тапсырып отырмын. Аморлықтардың Хешебонда тұрған патшасы Сихонға не істеген болсаң, оған да дәл соны істе!» — деді. Сонымен исраилдіктер Ог патшаны, оның ұлдарын және бүкіл жасағын бір адамын да тірі қалдырмай қырып тастап, жерлерін иемденіп алды. Ал Ешуа мен исраилдіктер Иорданның батыс жағында жеңген патшалардың жерлері (солтүстіктегі) Ливан аңғарындағы Бағал-Ғадтан бастап, (оңтүстіктегі) Сейірге қарай өрлеп баратын жолдағы Халақ тауына дейінгі аралықта орналасқан болатын. Ешуа солардың жерлерін Исраилдің өзге руларына үлестіріп берді. Сол жерлер мыналар: таулы аймақ, батыстағы төменгі қыраттар, Иорданның алқабы, тау беткейлері, (Яһудадағы) елсіз дала, оңтүстіктегі иен дала (Негев), яғни хеттіктер, аморлықтар, қанахандықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктердің жерлері. Сонымен Исраил жеңіп шыққан патшалардың қалалары мыналар, әрбір қаланың бір-бірден патшасы болды: Иерихон, Бетел маңындағы Ай, Иерусалим, Хеброн, Ярмут, Лахыш, Еглон, Гәзер, Дебир, Гәдер, Хорма, Арад, Либна, Адуллам, Макед, Бетел, Таппуах, Хефер, Әфек, Лашарон, Мадон, Хасор, Шимрон-Мером, Ахшап, Тағанах, Мегидо, Кедес, Қармил тауының түбіндегі Жоқнеам, таулы Дор жеріндегі Дор, Ғылғалдағы Ғойым және Тирса. Барлық патшалардың ұзын саны отыз бір.
Выбор основного перевода