Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ұлының аяғын сүйіп бағыныңдар!Әйтпесе Ол кәрленіп, көздеріңді құртпақ,Ашуы лезде жалындай лауламақ.Ал Оған сенгендер бақытты болмақ. Ал, Ием, алдымдағы қалқаным Сенсің,Даңққа бөлеп, беделімді көтересің. Жаратқанға шын көңілден сенім артамыз,Ол — қолдаушымыз, қалқандай қорғаушымыз. Халайық, лайым Оған сенім артыңдар,Ойларыңды Оған толық ашыңдар,Құдай — біздің панамыз, мұны ұмытпаңдар! «Мәңгіге ұласады берік рақымы!»Деп жарияласын Исраил халқы. «Мәңгіге ұласады берік рақымы!»Деп мойындасын Һаронның ұрпақтары. «Мәңгіге ұласады берік рақымы!»Десін Иемізді қастерлейтін барлығы. Шын жүректен Иеме сенім артамын,Берген сөзіне үмітімді артамын. Уа, Исраилдің үрім-бұтағы,Мадақтаңдар Иеміз — Жаратушыны,Уа, Һаронның үрім-бұтағы,Мадақтаңдар Иеміз — Жаратушыны, Уа, Леуінің үрім-бұтағы,Мадақтаңдар Иеміз — Жаратушыны,Уа, қастерлейтіндер Оны,Мадақтаңдар Иеміз — Жаратушыны,
Выбор основного перевода