Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сара жүкті болып, Ыбырайымға қартайған шағында ұл туып берді. Бұл Құдай алдын ала белгілеген мезгілде болды. Ол аяғы ауырлап, айы-күні жеткенде ұл бала туды. Ханна: «Мен оны Жаратқан Иеден сұрап алғанмын», — деп, оған Самуил (яғни «Құдай құлақ асты») деген ат қойды. Тоқ болғандар енді нанға жалданады,Ал ашыққандар ішіп-жеп тойынады.Бала көтермеген жетеуін туады,Ал көп ұлды ана баладан қалады. Жалғыз жандарға жанұя сыйлайды,Тұтқынды босатып, шаттыққа бөлейді,Ал қыңырды қапырық шөлге тастайды. «Қуан, уа, құрсақ көтермейтін, бала сүймеген әйел, шаттана ән шырқа! Иә, толғатып көрмеген сен, масаттанып дауыста! Өйткені күйеуі бардан гөрі жалғыз басты әйелдің балалары енді көбірек болады! — дейді Жаратқан Ие. — Елізабеттің босанатын уақыты жетіп, ұл тапты. Көршілері мен туыстары Жаратқан Иенің оған қайырымдылық жасағанын естіп, қуанышына ортақтасты.
Выбор основного перевода