Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Жаратқан отырады көктегі тағында,Өзінің киелі ғибадатханасында,Иеміз бақылайды барлығын да,Сын көзбен қарайды адам баласына. Жан-тәніммен Оны былай деп мақтаймын:«Күшсіз жанды күштіден қорғайтын,Бейшара кедейді тонаушыдан сақтайтынСаған кім тең келер, уа, Жаратқаным?» Көктегі кім Иемізбен теңесе алар,Күштілер арасында кім Жаратқанға ұқсар? Жаратқан Ие көкте орнатты өз тағын,Оның Патшалығы билейді барлығын. Осыны істейді мен үшін Жаратқан,Рақымың, уа, Ием, ұласады әрқашан,Бас тартпа бізден, өз жаратылысыңнан. Себебі Киелі Құдай деп аталған, мәңгі тірі дәріптелген Алла Тағала мынаны да айтады: «Мен көктегі киелі мекенімде тұрамын. Сондай-ақ күйреп, күнәсіне шын көңілден өкінген кішіпейіл жанның қасында да боламын. Оны қайтадан рухтандырып, жаралы жүрегін сауықтырамын. Күңінің қарапайым жағдайынаҚұдай рақыммен назар аударады.Күллі ұрпақтар мені бұдан былай«Құдай жарылқаған жан» деп атайды:
Выбор основного перевода