Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сүйіктілерің лайым аман сақталсынДеп ден қойып, құдіретіңмен құтқарғын! Құдай былай деді киелі мекенінен:«Мен шаттанып Сихемнің жерін бөліп беремін,Соқот аңғарын да халқыма үлестіремін. Ғилақад пен Манаса да — Менің иелігім,Ефрем руы болады басты қорғаным,Яһуда руынан шығады патшаларым. Моаб Маған шылапшындай пайдалы болады,Едом жері де меншігіме айналады,Філістір елі де бой ұрып Маған қуанады». Кім мені қамалды қалаға кіргізеді?Кім Едом елінің ішіне енгізеді? Сол Сен емес пе, Құдай, бізден бас тартқан,Әскерімізбен бірге шабуылға шықпаған? Жаулардың қыспағына қарсы қолдашы,Еш жарамсыз — пенделердің қолдағаны. Зор істер істейміз Құдай жар болғанда,Жауларымызды таптайды Ол аяғына.
Выбор основного перевода