Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Құдай, жүрегім Саған сенімді,Өзіңе арнаймын мен ән-күйімді. Жан дүнием, ояншы, сергек болайын,Жетіген мен домбыра, болыңдар дайын,Ән-жырыммен атар таңды оятайын. Уа, Ием, жұрт алдында Сені мадақтаймын,Ұлттар арасында мақтап жырлаймын. Себебі берік рақымың заңғар аспандай,Әрі сенімділігің асқар бұлттардай. Уа, Құдай, көктен жоғары атың шықсын,Күллі әлемде Сенің даңқың артсын! Содан жүрегім шаттыққа толады,Мәз-мейрам болып тілімнен бал тамады,Саған сенгенімнен тәнім тыншиды. Сондай адам қауесеттен қорықпайды,Жаратқанға сеніп жүрегі қобалжымайды,
Выбор основного перевода