Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұнан соң Құдай: «Аспан астындағы су бір жерге жиналып, құрлық көрініп тұратын болсын!» — деп бұйырды. Солай болды да. Құдай құрлықты жер, ал жиналған суды теңіздер деп атады. Ол жасағанына қарап, жақсы екенін көрді. Жарық пен түнектің арасын бөліп тұру үшін су бетінде шеңбердей көкжиекті сызып қойды. қақпалары мен ысырмаларын орнатқандай оның шекараларын белгілеп қойдым. Оған: «Мына шектен асуыңа болмайды, тәкаппар толқындарыңның тоқтайтын жері осы!» деп бұйырғанмын. Сен жерді берік негізге орнаттың,Ол ешқашан қозғалмайды орнынан. Сен суларға сонда берік шек қойдың,Су енді қайтып жерді жаппастай қылдың.
Выбор основного перевода