Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Соқырдың қараңғыда сипалағанындай, сендер тал түсте сипаланып қаласыңдар. Не істесеңдер де, істерің оңға баспайды. Ұдайы зорлық-зомбылық көріп, тоналасыңдар. Ал өздеріңді құтқаратын ешкім де болмайды. Ием Өзіне бағышталғанды қорғап күзетеді,Ал зұлымдар қара түнекте өледі,Пенде өз күшімен жеңіске жетпейді. Сол себептен әділдік бізден тым алшақ, адалдық қасымызға жоламайды. Нұрды күтсек те, айналамыз қара түнек, үміттенген жарықтың орнына қараңғылықта жүреміз. Соқыр адамдай қабырға бойын қармалап, көзсіз зағиптей жолымызды іздеп сипалаймыз. Тал түсте кеш түскен кездегідей сүрінеміз, күшіміз болғанмен өлілерге ұқсаймыз. Сондықтан оларды күтіп тұрғаны — қараңғы да тайғақ жолмен кетіп, сонда сүрініп құлау. Жазаланатын уақыты келгенде Мен олардың бастарына апат түсіремін!» — деп ескертеді Жаратқан Ие. Ал егер түнекте жүрсе, сүрінеді, себебі онда жарық жоқ, — деп астарлап жауап берді. Иса оларға былай деп жауап қайтарды:— «Нұр» тағы біраз уақыт сендермен бірге болады. Өздеріңді қара түнектің баспауы үшін «Нұр» барда жүре беріңдер! Түнекте жүргендер қайда бара жатқандарын білмейді. Ал бауырын жақсы көрген әркім нұрда жүріп, азғырылуға түспейді де, өзгені азғырмайды да.
Выбор основного перевода