Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұлтсыз аспандағы таңғы шапақтай,Жерден көк шөп өсіріп шығаратынЖаңбырдан кейінгі күн нұрындай. Өмірің тал түскі күннің сәулесінен де жарық болады. Тіптен қараңғылық та таң шапағындай жарқырайды. Сенің ой-ниетің жүзеге асып, алдыңдағы жолың нұрға бөленеді. Әділ адамдарға нұр төгіледі,Ақжүрек жандар шаттыққа кенеледі. Тегіс те түзу — жолы әділдердің,Уа, Хақ Тағала, жолды тегістейсіңОй-ниеті адал адамдар үшін. Даналар аспан кеңістігі сияқты нұрланады, көптеген адамды әділдік жолына бастап алып келген олар жұлдыздар сияқты мәңгі бақи жарқырап тұратын болады. Сол сияқты, сендердегі «нұр» адамдарға сәулесін төксін. Осылайша олар игі істеріңді көріп, көктегі Әкелеріңді мадақтап дәріптесін.
Выбор основного перевода