Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал егер Жаратқан Иенің өсиеттеріне құлақ аспай, орындамасаңдар, әрі өздеріңе бейтаныс, бөтен тәңірлердің соңына түсіп, мен бүгін сендерге нұсқаған жолдан тайып кетсеңдер, онда қарғысқа ұшырайтын боласыңдар. Алайда егер сендер Құдайларың Жаратқан Иенің айтқандарына құлақ аспай, мен бүгін өздеріңе тапсырып отырған Оның өсиеттері мен ережелерін сақтап орындамасаңдар, онда төмендегі барлық қарғыстарға ұшырайсыңдар: әрі әділ де кінәратсыз таза жүр! Егер солай істесең, онда Ол, әрине, сен үшін іс қылып, мекеніңде әділдікті қайтадан орнықтырады. Арамзаның жолынан Жаратқан жиренер,Әділдікті қуғанға Ол сүйсінер. Әлемнің Иесі былай дейді:— Мен осы қарғысты ұрылардың және Менің атымды атап өтірік ант етушілердің үйлеріне жіберемін. Ол солардың үйлерінің ішіне қонып, үйдің тастары мен бөренелерін тып-типыл қылып құртады. Мені тыңдап, есімімді шын жүректен құрметтеуге берік шешім қабылдаңдар! — деп нық айтады Әлемнің Иесі. — Әйтпесе Мен сендердің өздеріңе қарғыс жіберемін, әрі сендердің халыққа берген баталарыңды қарғысқа айналдырамын. Иә, тіпті қазірдің өзінде Мен оларды қарғысқа айналдырдым! Себебі сендер Менің есімімді шын жүректен құрметтемейсіңдер.
Выбор основного перевода