Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сүліктің екі сорғышы үнемі«Бер маған! Берші!» деп талап етеді.Мына үшеу де тойым білмес,Тіпті төртеуі де «жетер» демес: Қабірдің қара топырағы,Әйелдің бедеу құрсағы,Суға қанбас шөлейт жер,«Жетер» демес ашкөз өрт. Өмірде болатын жайттар адамды сөзбен айтып жеткізе алмастай қажытады. «Көз көруден, құлақ естуден қанағат таппас». Кей адам жалғыз басты, не баласы, не ағайыны жоқ болса да, қолда барын қанағат етпей, байлығын молайту үшін тынбай ауыр еңбек ете береді. Ал кейін ол өзінен: «Мен кім үшін ауыр еңбек етіп, өмірдің қызығынан ада қаламын?» — деп сұрайды. Бұл да бекершілік әрі жанға бататын жайт. Сол өркөкірек патшалық көпірген шараптай тыным таппайды, аранын көрдей ашқан, ажал сияқты тойымсыз. Өзіне барлық халықтарды жинап, күллі ұлттарды қолына түсіреді.
Выбор основного перевода