Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әрдайым Жаратқанға арт сеніміңді,Батыл болып, нығайта түс жүрегіңді!Әрқашан Жаратқанға арт сеніміңді! Жақсылыққа жамандық қайтарған —Өз үйіне үздіксіз пәле шақырған. Жамандыққа жамандықпен қайтармаңдар! Іс-әрекеттеріңнің жұрт алдында ізгі болуына тырысыңдар. Қолдарыңнан келгенше, барлық адамдармен тату болыңдар. Сүйікті бауырластарым, кек алмаңдар, соны Құдайдың қаһарына қалдырыңдар! Тауратта мынадай сөздер жазылған ғой: Жазалау — Менің ісім, тиісті жазаларын тартқызамын Өзім! — дейді Иеміз. Жамандыққа жамандықпен, қорлыққа қорлықпен емес, ақ батамен жауап беріңдер. Себебі Құдай сендерді шақырғанда Өзінің ақ батасына ие болсын деп мақсат еткен еді.
Выбор основного перевода