Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірде ол шарап ішіп, мас болып, шатырдың ішінде жалаңаш жатты. Кімде пәле, қайғы, жанжал бар?Кімде шағым, қажет емес жара бар?Кімнің көзі көреді бұлыңғыр? Мұның бәрі шарап ішіп,Ұзақ отыратындарда болар,Ішімдіктерді араластырып,Дәмін тататындарда болар. Сен шараптың қалай қызарып,Тостағанда құбыла жалтырап,Бірқалыпты жұмсақ жұтылғанынаЛайым қызықтап қарайтын болма! Әйтпесе ол соңында жыландай шағып алар,Денеңе сұр жыландай уын шашар, Ал ішетін болса, заң ережесін ұмытар,Қаналғандардың құқығын теріске бұрмалар. Бірақ елдің қазіргі басшылары шарап, сыра ішіп алғандықтан теңселеді. Пайғамбар мен діни қызметкер сыра ішіп, жолдарынан тайып кетеді. Олар шарапқа салынып, естерінен адасқан. Сондықтан (пайғамбарлар) аян көргенде шайқалады, әрі (діни қызметкерлер) алдарына әкелінген істерді әділ шеше алмайды. Арақ-шарап ішіп, мас болмаңдар, бұл жүгенсіздікке апарады! Қайта, Киелі Рухқа кенеле беріңдер!
Выбор основного перевода