Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ Ол жалғыз Өзі ғана Құдай, кім Оған қарсы тұра алады? Ол нені қаласа, соны істейді. Иеміз бағынбайтын ұлттардың ойларынШайқалтып, жояды арамза жоспарларын. Жаратқанның жоспары мәңгі берік тұрады,Бар ұрпақтарға ниеті нық сақталады. Адам жүрегінде жоспар құрар,Ал соның жауабы Жаратқаннан болар. Жүрер жолын адам жүрегінде жоспарлар,Ал оның қадамдарын Жаратқан Ие бағыттар. Бұл — бүкіл әлемге арнаған шешімім! Мынау — барлық халықтардың үстінен созылған құдіретті қолым!» — Өйткені Әлемнің Иесі осыны ұйғарды. Мұнысын орындатқызбайтын кім бар?! Жаратқан Ие құдіретті қолын алға созып тұр. Онысын тоқтата алатын кім бар?!
Выбор основного перевода