Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Патшаның қасында жүрген Харбона есімді сарай қызметкері былай деді:— Хаманның үйінің қасында биіктігі елу шынтақ дар ағашы тұр! Хаман соны патшаның игілігі үшін сөз сөйлеген Мардохайға арнап құрғызып қойған болатын. — Патша:— Сол дарға оның өзін асыңдар! — деп бұйырды. Сондай-ақ, ынтымақ арамыздағы —Хермон тауына түсетін шық тәрізді.Бұл шық Сион тауына да түседі,Жердің бәрін құнартып, көгертеді.Сонда Иеміз өз жарылқауы — шын өмірдіМәңгі бақи сыйлауға ұйғарған еді. Патшаның қаһары — ажалдың жаршысы,Ал ақылды жан оның қаһарын басады. Патшаның жылы жүзі жігерлендірер,Ризашылығы көктемгі жаңбырдай сергітер. Патшаның қаһары — ақырған арыстан,Ашуын тұтатқан — басына пәле шақырған. — Мен оларды опасыз мінездерінен сауықтырып, өз мейіріміме сәйкес жақсы көремін. Себебі оларға деген қаһарым қайтты. Өйткені ол сенің мүддең үшін Құдайға қызмет етуші. Ал егер жамандық істесең, қорыққаның жөн, ол семсерін беліне бекер байлап жүрген жоқ. Билік иесі — Құдайдың қылмыскерге жазасын тартқызатын қызметшісі ғой.
Выбор основного перевода