Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Содан Иеміз Ыбырайымға тіл қатып:— Менің атыма Содом мен Ғомора қалаларының үстінен қатты дауыспен айтылған шағым түсіп жатыр. Сол жерде жасалған күнәлар тым ауыр. Олардың бастары жастыққа тимей тұрып-ақ, жасы бар, кәрісі бар, қаланың түкпір-түкпірінен жиналып келген ер адамдарының бәрі үйдің сыртын айнала қоршап алды. бұл қалаларды, төңірегіндегі бүкіл жазықты, барлық қала тұрғындарын және далада өсіп тұрғанның бәрін де күл-талқан етіп қиратты. Сондай адам Жаратқан Ие ежелде аяусыз құртып жіберген қалаларға ұқсайды: ол таң сәріде айқай-шу, тал түсте қағылған дабылды естиді. Мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие ант етіп мынаны айтады: Тіпті сіңлің Содом мен оның «қыздары» сенің өзің мен «қыздарыңның» істеген зұлымдықтарды еш істеген емес. Сендерге шын айтамын: қиямет соты күні сондай қала тұрғындарының тартатын жазасынан тіпті Содом мен Ғомора халқының жазасы жеңілірек болады! Сол сияқты, Содом, Ғомора және маңайындағы қалаларды ұмытпаңдар: олардың тұрғындары жыныстық азғындықпен әуестеніп, табиғатқа қайшы ұятсыздықтарға салынғандары үшін жазаланды. Сонымен олар мәңгілік отта азап шегетіндердің мысалы болды.
Выбор основного перевода