Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Уа, Жаратқан Ием, есіңе түсіршіИерусалим жау қолына түскен күніЕдомдықтардың не істегендерін:«Қиратыңдар қаланы түбіне дейін!Қиратыңдар оны!» деп өршіткендерін. Сонда тіпті жабайы бұқадай мықты адамдар — жас жігіттер және күшті жетекшілер қырылмақ; жер қаннан қып-қызыл болып боялып, топырағы майға тойынады. Өйткені Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие маған былай деп бұйырды:— Ернеуіне дейін «қаһарымның шарабына» толған мына «тостағанды» ал да, Өзім сені жіберетін халықтардың бәріне содан «ішкіз!» Олар «ішіп алып», тәлтіректейді. Мен олардың арасына семсерді жібергенімде мүлдем естері ауысып кетеді! Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Едом халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Едомдықтар өздерімен бауырлас халықты қолдарына семсер алып қуып, өздеріндегі аяушылық сезімін басып таптап, ешқандай мейірімділік танытпады. Олар бауырластарына деген ашуынан қайтпай, соларды ызалана паршалап өлтірді. Сол үшін Мен Теман аймағына от жіберемін. Сол от Босора қаласының сарайларын жалмап қояды». Сендер Менің қасиетті тауымда тойлап ішіп алғандарың сияқты, енді барлық халықтар да Менің қаһарыма толы тостағанымнан ішетін болады! Сонда сендер (сол тостағаннан) ішіп, ішкендеріңді жұтып, ешқашан болмағандай жоғалып кетесіңдер.
Выбор основного перевода