Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Сол сияқты, далада семсерден қаза тапқан немесе өз ажалымен өлген адамның мәйітіне, сүйектеріне не қабіріне жанасқан әр кісі де жеті күн бойы таза емес болып саналады. Исраилді күзетіп жүруге тиісті басшылары соқыр да надан! Барлығы үре алмайтын мылқау, қиялдап жатып, ұйықтағанды жақсы көретін иттер сияқты. Сол себептен әділдік бізден тым алшақ, адалдық қасымызға жоламайды. Нұрды күтсек те, айналамыз қара түнек, үміттенген жарықтың орнына қараңғылықта жүреміз. Соқыр адамдай қабырға бойын қармалап, көзсіз зағиптей жолымызды іздеп сипалаймыз. Тал түсте кеш түскен кездегідей сүрінеміз, күшіміз болғанмен өлілерге ұқсаймыз. Үйіңе бұзып кірмесе де, сен өлтірген жазықсыз кедейлердің қаны етегіңде қатып қалған. Бірақ сонда да: Өйткені халық Менен бас тартып, осы жерді Өзіме жат қылып арамдады: олар өздері де, ата-бабалары да, Яһуда патшалары да ешқашан танып білмеген бөгде тәңірлерге арнап бұл аңғарда хош иісті шайыр түтетіп, құрбандық өртеп ұсынып келеді. Оның үстіне олар осы жерді жазықсыз адамдардың төгілген қанына толтырды.
Выбор основного перевода