Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8
Параллельные места
Сонда Лия: «Мен қандай қуанышқа кенелдім! Барлық әйелдер мені қуанышты деп атайтын болады», — деп, балаға Ашир («Қуанышты») деген ат қойды. Түрлі түсті киімімен әкелінеді,Құрбы қыздары соңынан ілеседі,Барлығы да Сенің алдыңа келеді, Зор қуаныш, шаттықпен бастап әкелінеді,Патшалық сарайыңа салтанатпен енеді. «Көп әйел заты еңбекқор, жақсы екен,Бірақ барлығынан да асып түстің сен!» Рас, салыстырсам басқалармен, жалғызым,Тікенектер арасындағы лаладайсың.(Қалыңдық:) Көгершінім, жартастың жарығындаЖасырынған, шыңдардың арасында,Көрсетсеңші маған сұлу жүзіңді,Естиін мен сондай тәтті үніңді! Ұйықтап жатып, жүрегім сергек еді.Тыңда, сүйіктім қағып тұр есігімді:«Ашсаңшы есікті, қымбаттым менің,Сүйген жарым, кемелді көгершінім!— Деді ол маған, — шықтан су болды басым,Түннің ылғалынан бұйра шашым!» Бұлай деп бізге өтінетініңдей сен,Сүйіктің қай жағынан артық өзгеден?Әйелдердің ең сұлуы, соны айтсаң екен!(Жас келін:) Сүйіктімнің беті нұрлы, албыраған,Ол айрықша он мың адам арасынан. Ал Иемізге қосылған кісі Оның Өзімен рухани біртұтас болады. Иеміз бір, бір сенімдеміз, шомылдыру рәсіміміз де бірдей. Мәсіхтің бізді сүйіп, біз үшін Өзін құрбан еткеніндей, сендер де бір-біріңді сүйіп өмір сүріңдер! Оның өз жанын қиғаны Құдайға ұнамды, хош иісті құрбандық іспетті болды. Оны Құдай сөзімен тазартып, қайта туғызып, қасиетті қылды.
Выбор основного перевода