Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8
Параллельные места
Ең сұлу ару, сен мұны білмеймісің?Ұсақ малдың соқпақтарымен жүр сонда,Жайып бақ лақтарыңды өзіңніңШопан қостарының маңайында. (Қалыңдық:)Шарон жазығындағы райхандаймын,Аңғардың лалагүліне ұқсаймын.(Күйеу жігіт:) Көтерілші, самал желім, солтүстіктен,Сондай-ақ, жылы желім, оңтүстіктен,Өзімнің бақшама соғып келсеңші,Жұпарларын оның тарата берсеңші!Сүйген жарым өз бақшасына келсін,Тәтті жемістерінен таңдап жесін! (Күйеу:)Міне, мен өз бақшама кіріп алдым,Уа, қымбаттым, менің сүйген жарым!Мүрім мен дәмдеуішімді жинап алдым,Сондай тәтті балымнан ішіп тұрмын,Шарап пен сүтімнің дәмін татып тұрмын.(Құрбылар:)Уа, достарымыз, кәне, ішіп-жеңдер,Уа, ғашықтар, тоя іше беріңдер!(Жас келін:) Бұлай деп бізге өтінетініңдей сен,Сүйіктің қай жағынан артық өзгеден?Әйелдердің ең сұлуы, соны айтсаң екен!(Жас келін:) Екі беті оның аңқып жатқанЖұпар иісті шөптер өсіп тұрғанБақшадағы жүйектерге тұр ұқсап.Еріндері сұйық мүр тамшылапЖатқан лалагүлдерге тұр ұқсап.
Выбор основного перевода