Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Оған бағыштап жаңа ән айтыңдар,Мәнерлеп ойнап, шаттана айқайлаңдар! Ол жаңа ән-жырды маған айтқызды,Мадақтаймын әрдайым Құдайымызды.Мұны көрген көпшілік ЖаратқандыҚастерлеп, Оған сенімін артады. Иемізге жаңа әнді шырқаңдар,Жер шетінен Оған мақтау айтыңдар!Теңізде жүзіп жүрген теңізшілер,Жағалауларды мекендеген елдер, Енді өздеріңе де, Киелі Рух басқарушы етіп қойған барлық қауымға да қараңдар! Шопан қойын қалай бақса, сендер де Құдай Иеміздің өз қанын төгіп, иемденген қауымына солай қамқор болыңдар! Иеміз сендерді үлкен құн төлеп, күнәнің құлдығынан азат етті. Ендеше денелеріңмен Құдайдың даңқын арттырыңдар! Мәсіх, сондай-ақ, құрбандыққа шалынған қошқарлар мен бұзаулардың қанын емес, Өзінің құрбан болған кезінде төгілген қанын осы киелі үйдің ең қасиетті бөліміне біржола алып кірді. Осылайша Ол бізді күнәмізден арылтып, мәңгілік азат етті. «Уа, Құдай Иеміз, Сен даңқ пен ұлылыққа, құрмет пен билікке лайықсың! Өйткені бүкіл әлемді жаратқан Өзіңсің; Сенің еркіңмен ол жаратылды және бола да береді».
Выбор основного перевода